«5 теңге аударды»: өскемендік мұғалімдерге аз жалақы төленген (ВИДЕО)

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалімдерге белгіленген жалақыдан 50 пайызға төмен жалақы төленді. Кейбіріне тіпті 5 теңге ғана аударылған деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, есепті оқу орнының есепшісі жүргізген. Тексеру барысында бұрын 20 миллион теңгеге дейін артық төлем жасалғандықтан, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан қомақты сома ұсталғаны белгілі болды.

Ұстаздардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін артық ақша алып келгенін білмеген. Жұмыс беруші де оларға жалақы туралы мәлімет бермеген.

Қалалық білім бөлімінің экономистері мұғалімдер жалақысына егжей-тегжейлі қайта есептеулер жүргізіп, жанжалды соттың араласуынсыз шешуге уәде беріп отыр.

«5 теңге аударғандарына таңғалдым. Басшылыққа жүгіндім. Олар аудармағанын, бір қателік болғанын айтты», – деді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.

Еңбек департаменті мамандарының айтуынша, бұл – бюджет қаражаты, кез келген жағдайда өз еркімен жалақысынан ұстап қалуға рұқсат беруі керек.

«Әрине, барлық соманы ұстамайды. 50 пайызға дейін ұстауға болады, болмаса сот арқылы шешіледі», – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button