АШМ: Байқоңыр қаласынан 10 сотық жерді тегін алу мүмкін емес

АШМ: Байқоңыр қаласынан 10 сотық жерді тегін алу мүмкін емес

АШМ: Байқоңыр қаласынан 10 сотық жерді тегін алу мүмкін емес
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін рәсімдей алмайтынын растады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Байқоңыр қаласы Ресей Федерациясының пайдалануында. Жер кодексінің 6-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес туындайды. Осыған байланысты Байқоңыр қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу мүмкін емес», - деп жазған комитет басшысы.
Сондай-ақ бір азамат бірнеше өңірден жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін рәсімдей алмайтыны айтылды.
«Жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысы үшін Қазақстан азаматтарына жекеменшікке тегін беріледі. Берілетін жердің көлемі - 0,10 гектар (10 сотық). Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бір адамға қайтадан тегін беру мүмкін емес», - деп жазады Мұрат Теміржанов.
Аталмыш ведомствоның мәліметі бойынша, бұрын 10 сотық жерді біреуден сатып алғандар да тегін жер кезегіне тұра алады.