Қазақстандағы Альфа-Банктің атауы өзгерді

Қазақстандағы Альфа-Банктің атауы өзгерді

Қазақстандағы Альфа-Банктің атауы өзгерді
ашық дереккөзі
«Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Оның атауы өзгереді деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Тәртіп бойынша, банктің атауы өзгергеннен кейін оны ресми түрде тіркеу керек.
«Қайта тіркеу рәсімдерінен кейін банк жаңа брендпен ECO BANK болып жұмыс істейді. Толық атауы – «ECO BANK» еншілес банкі «АҚ», - делінген ресми мәлімдемеде.
Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады. «Банк ЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Құсайыновтың айтуынша, Қазақстанда санкцияға түскен банкті сатып алу шарасы алғаш рет атқарылды. Бұл жұмыс барынша қысқа уақыттың ішінде жасалған. Айта кетсек, «Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған. Қазіргі кезде республика бойынша банктің 130-дан астам бөлімшесі бар.