Жұма, 2 Маусым, 2023

Молдова Украинаға көмек беруден бас тартты

Молдова парламентінің спикері Игорь Гросу Киевке сапары кезінде украиналық әріптесі Руслан Стефанчукқа Украинаға әскери көмек көрсетуден бас тартатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының баспасөз хатшысы Адриана Влас мәлімдеді.

«Парламент спикері Молдованың бейтараптық мәртебесіне сәйкес, ел басқа елдерде әскери техниканы орналастыра алмайтынын айтты», – деді ол.

Стефанчук Гросудан Молдованың МиГ-29 ұшағын Украинаға беруді сұрағаны белгілі болды.

Сондай-ақ,  Молдова парламентінің спикері Кишиневтің жергілікті халқы өзін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпті аумақтарды тазартуға саперлар жіберуге дайын екенін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button