Молдова Украинаға көмек беруден бас тартты
Молдова парламентінің спикері Игорь Гросу Киевке сапары кезінде украиналық әріптесі Руслан Стефанчукқа Украинаға әскери көмек көрсетуден бас тартатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының баспасөз хатшысы Адриана Влас мәлімдеді.
«Парламент спикері Молдованың бейтараптық мәртебесіне сәйкес, ел басқа елдерде әскери техниканы орналастыра алмайтынын айтты», - деді ол.
Стефанчук Гросудан Молдованың МиГ-29 ұшағын Украинаға беруді сұрағаны белгілі болды.
Сондай-ақ, Молдова парламентінің спикері Кишиневтің жергілікті халқы өзін қауіпсіз сезінуі үшін қауіпті аумақтарды тазартуға саперлар жіберуге дайын екенін айтты.