Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді

6 мамыр, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді Мемлекет басшысының Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды деп хабарлады turkystan.kz akorda.kz-ке сілтеме жасап. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта. Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі, 2-ші атқыштар ротасының мергені Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.