Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған сурдлимпиадада алтын медаль ұтып алды. Алайда, Бразилиядағы сараптама жігіттің есту қабілетінде кінәрат жоқ екенін анықтады. Осы жағдайға қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі түсініктеме берді деп хабарлады  turkystan.kz. Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы  қатысып жатыр. Алайда ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Заннамасына қарамастан, өз тараптарынан бірнеше спортшыны оның ішінде, Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.
«Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ. Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Е.Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзды», – деген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан Республикасы Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын. Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді.  Тағы оқи отырыңыз: Олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің директоры қамауға алынды