«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері» атты кітаптың екінші томы жарыққа шықты

«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері» атты кітаптың екінші томы жарыққа шықты

«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері» атты кітаптың екінші томы жарыққа шықты
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы қаласында «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының еңбектері» атты сериялық басылымының екінші томының тұсаукесері өтті. Кітаптың қосалқы авторлары т.ғ.к., тас және палеометалл дәуірі археологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов, т.ғ.д., Кемерово Мемлекеттік Университетінің археология кафедрасының профессоры Любовь Ермоленко, т.ғ.к., тас және палеометалл дәуірі археологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Әсем Қасенова елімізде жүргізілген археологиялық зерттеулердің тың нәтижелері негізінде жарыққа шығарды.  width= «Орталық Қазақстанның тас мүсіндері (зерттелу тарихы)» деп аталатын кітаптың екінші томында Сарыарқаның қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі кезеңді қамтитын тас мүсіндері жайлы мағлұматтар бар. Кітап Сарыарқа даласынан табылған 250-ден астам тас мүсіндердің тарихынан сыр шертеді. Басылымның ерекшелігі – қазақ даласындағы  ескерткіштердің қатары кейінгі қола және сақ дәуірінің тас мүсіндері шоғырланған Ақсай кешені,  түркі дәуірінің Жылысай кешені мен Бөрілі ескерткіші,   қыпшақ кезеңінің ғибадатханалары Абылай, Мыржық, Жіңішке және басқа көптеген тас мүсіндермен алғаш рет толықты. Сондай-ақ белгілі отандық археолог Мир Қадырбаевтың зерттеулері  ғылыми айналымға енгізілді. Кітап екі тараудан тұрады. Бірінші тарауы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарыарқа тас мүсіндеріне жүргізген зерттеу тарихына, екіншісі – Орталық Қазақстанның көрнекті ескерткіштерінің шығу тарихына арналады.
 «Қазақ археологиясының негізін қалаушы ғaлым Әлкей Марғұланның жарық көрген еңбектері мен архив құжаттарынан Сарыарқаға тиесілі 115-ке жуық тас мүсіндерінің сызбалары мен фотосуреттері белгілі болды. Солардың қатарында бүгінгі күнге дейін қайта жүргізілген 80-нен астамын анықтау мүмкін болмады. Жалпы, қазіргі таңда   Сарыарқада 357 тас мүсін белгілі болып отыр. Оның ішінде Ежeлгі тaс мүсіндeрді орнату дәстүрі кейінгі қoлa дәуірінeн бaстaу aлaды деп жазылған Әлкей Мaрғұлaнның еңбектерінде. Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы Қойтас мекенінде діни сәулет өнерінің ескерткіштері ең көп тараған, «Қойтас» деп ғылымға енгізген меңгірлердің саны 101 болса, 29 сақ тас мүсіні, қалғаны түркі және қыпшақ дәуіріне жатқызылып отыр», – деді кітаптың қосалқы авторларының бірі, археолог-ғалым Әсем Қасенова.
Сондай-ақ еңбекте археологиялық мұраларға мониторинг жүргізу және ескерткіштердің сақталу дәрежесін бағалауда Қазақстанның белгілі тас мүсіндері қайта ресми түрде құжаттандырылды.  width=  width=