Жаңалықтар

«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері» атты кітаптың екінші томы жарыққа шықты

ашық дереккөзі

«Орталық Қазақстанның тас мүсіндері» атты кітаптың екінші томы жарыққа шықты

Бүгін Алматы қаласында «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының еңбектері» атты сериялық басылымының екінші томының тұсаукесері өтті. Кітаптың қосалқы авторлары т.ғ.к., тас және палеометалл дәуірі археологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Жолдасбек Құрманқұлов, т.ғ.д., Кемерово Мемлекеттік Университетінің археология кафедрасының профессоры Любовь Ермоленко, т.ғ.к., тас және палеометалл дәуірі археологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Әсем Қасенова елімізде жүргізілген археологиялық зерттеулердің тың нәтижелері негізінде жарыққа шығарды.