Біртанов пен Әбішевтің ісі сотқа қайта келіп түсті

Біртанов пен Әбішевтің ісі сотқа қайта келіп түсті

Біртанов пен Әбішевтің ісі сотқа қайта келіп түсті
ашық дереккөзі
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевтің ісі елорададағы Сарыарқа ауданының сотына қайта келіп түсті. Алдын ала тыңдау 11 мамырға белгіленген деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Сот процесі 11 мамыр күні сағат 10.00-де онлайн форматта өтеді. Еске сала кетсек, экс-министр Елжан Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.