Қазақстанда Агробанк құрыла ма?

Қазақстанда Агробанк құру мақсатқа сай келмейді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған деп хабарлады turkystan.kz.

Премьер-министр мамандандырылған банктер өзінің функционалы бойынша көптеген банк операцияларының барлығын орындамай, экономика салаларына (аясына) қызмет көрсетуде өз қызметін шектейтіндігін алға тартады.

«Бұдан басқа, банктің тар мамандануы тәуекелдердің жоғары шоғырлануын (тәуекелдер әртараптанбайды) болжайды. Ал салымшылар қаржылық қызметтердің толық спектрін алуға болатын әмбебап банктермен жұмыс істеуді қалайды. Яғни мамандандырылған мемлекеттік кооперативтік банк халықтың депозиттерін тарту қиындығына тап болады. Нәтижесінде табысы төмен және жоғары әртараптандырылмаған тәуекелдермен бірге мамандандырылған мемлекеттік кооперативтік банктің қаржылық жай-күйінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын одан әрі салуды талап етеді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Агробанк құру мақсатқа сай емес деп есептейміз», – деді Әлихан Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button