«Нобель» сыйлығы табысталады

«Нобель» сыйлығы табысталады

«Нобель» сыйлығы табысталады
ашық дереккөзі
«Нобель» сыйлығын биылғы иегерлеріне табыстау рәсімі Стокгольм және Осло қалаларында өтеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігі хабарлады. Медицина, физиология, физика, химия, сондай-ақ экономика саласында барлығы 11 адамның қол жеткізгені қазан айында белгілі болды. Қос қаладағы салтанатты шараларға әдебиет бойынша жеңімпаз атанған Боб Диланнан басқасының бәрі қатысады. Осло қаласындағы іс-шара Колумбия президентін марапаттаудан бастайды. Ол өз елінде 50 жыл бойы жалғасқан азаматтық соғысты тоқтатуға септігін тигізген. Шара шамамен бір жарым, екі сағат бойы жалғасады. Ал жалғасы Стогкольм қаласында тауып, мұнда өзге жеңімпаздар марапатталады.