Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті
ашық дереккөзі
Оқиға 4 мамырда Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу жолында болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу жолының 109-шақырымында күре жолдан шығып кетті. Автобусты 1984 жылы туған ер адам басқарған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Бұл кезде автобус салонында 10 жолаушы болған. Олар дін-аман.