Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады

Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады

Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқарудағы жаһандық үдерістер туралы мәлімет берді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Сонымен қатар, Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту туралы Жарлығын жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды. Саладағы жемқорлықпен күрес тәсілдерін және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты. Кездесуде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың жұмысын жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені айтылды. Сондай-ақ, үздік халықаралық тәжірибелерді електен өткізіп, мемлекеттік аппарат жұмысына пайдалану қажет екені атап өтілді.