Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады
ашық дереккөзі
Статистика бойынша, соңғы 5 жылда елімізде интернет алаяқтары көбейіп, интернет-алаяқтық фактісі (2017 жылы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін) 10 есеге өскен деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Алаяқтар, көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды. Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Көп адам алаяқтардың жаңа әдістерін білмегендіктен, тез алданып қалады. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жейді. Бас прокуратура осындай қылмыстарды азайту үшін цифрлық технологияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ-бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледі. Ескертеміз, онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз! Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз! Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз! Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз! Танымайтын адамға ақша аудармаңыз! Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласыңыз!