Жаңалықтар

Қызыл кітапқа енген ағаштарды заңсыз кескендер ұсталды

ашық дереккөзі

Қызыл кітапқа енген ағаштарды заңсыз кескендер ұсталды

Жамбылда қызыл кітапқа енген ағашты заңсыз кескендер анықталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Мойынқұм ауданының аумағында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында табиғатты қорғау полициясының инспекторларымен облыстық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын ЖШС-нің сексеуіл ағаштарын заңсыз кескені анықталды. Аталған ұйым жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз жол жиектері енінің стандарттарын бұзған. Олар бес текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойған. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталуда. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды.