«Биыл бюджетке 10,2 трлн теңге түседі» – Экономика министрі

«Биыл бюджетке 10,2 трлн теңге түседі» – Экономика министрі

«Биыл бюджетке 10,2 трлн теңге түседі» – Экономика министрі
ашық дереккөзі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бюджет кірістері бойынша алдын-ала болжамдарын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Сенатта Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы заң жобасы қаралып жатыр.
«Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде бюджет кірістері бойынша алдын ала болжам нақтыланды. Республикалық бюджет кірісі 2022 жылы 10,2 трлн теңге көлемінде бағаланады, бұл бекітілген жоспардан 955 млрд теңгеге жоғары. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 030 млрд теңгеге дейін немесе 1 630 млрд теңгеге ұлғайтылады. Қаражат Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға бағытталады», - деді Әлібек Қуантыров Сенат отырысында.
Оның айтуынша, 2022 жылы бюджет тапшылығын 2 978 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімге қатысты 3,3% деңгейінде айқындау ұсынылады. Республикалық бюджеттің шығыстарын түзетілген көлемге қатысты 2,7 трлн теңгеге ұлғайта отырып, 18,8 трлн теңге көлемінде айқындау ұсынылып отыр.