Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев ант берді

Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев ант берді

Сенат отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев ант берді
ашық дереккөзі
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Алматы облысынан сайланған депутат Жанболат Жөргенбаев ант қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді Жөргенбаев.
Жанболат Жөргенбаев сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына сайланды.