Жетісу ауданында алапат өрт болды
Жетісу ауданында алапат өрт болды
Жетісу ауданында автоцистерна өртеніп, соның салдарынан алапат өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Ангарская көшесі, 97а мекенжайында орналасқан қоймадан шыққан. Төтенше жағдайлар департаменті өрт оқиғасына қатысты мәлімет берді.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20:10-да жеткен.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді. Жеке құрамнан 80 адам және 28 техника жұмылдырылды.
Жақын орналасқан цистерналар мен резервуарларға оттың тию қаупі бар. Жарылыс болуы да мүмкін, жеке құрам жылу қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысқа кірісті.
Жедел әрекет етудің арқасында өрт сағат 21:20-да ауыздықталды.
Тағы оқи отырыңыз: Шымкентте жылан қаптап кетті