Шымкентте жылан қаптап кетті
Шымкентте жылан қаптап кетті
Шымкентте бірнеше үйде жылан қаптаған деп хабарлады turkystan.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өткен аптада Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонының жеке құрамы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына 82 рет шыққан. Оның ішінде, мереке күндері 2022 жылғы 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында 21 шығу: 6 шығу жылан аулауға, 14 шығу кезекшілік атқаруға, 1 шығу іздестіру-сүңгуірлік жұмыстарды істеуге барған.
Шымкент қаласы, Азат м/а Ынтымақ 1 «А» үйдің ішінде, Лихачева өткелі, 1/21 үйдің ауласында, Әлімбетов көшесі, 24 үй, «Карина» балабақшасының ауласында, Тассай ш/а, Мұңайтпасов көшесіндегі үйдің ауласында, Нұртас ш/а, 190 орам, 13 учаскедегі үйдің ауласында, Еламан ш/а, Көкжелік көшесі, 10/46 учаскедегі үйдің ауласында жылан жүргені туралы хабар түскен.
Құтқарушылар мекенжайларға барып, арнайы құралдар арқылы жыландарды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып тастаған.
Мамыр айының басынан бері Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 6 оқиға тіркелген.
Осы орайда, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.
«Сәуірдің ортасында, мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді.
Бауырымен жорғалаушылармен кездескенде өзін қалай ұстау керек және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.
Ең алдымен, оны анықтауға тырыспай, одан 1,5-2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда жылан адамға ұмтылуға асықпайды. Егер сізді жылан шағып алған болса, алдымен көлденең позицияны алу керек және аз қозғалу керек. Жарадан уды өз бетінше алып тастауға тырыспаңыз, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп су ішіңіз және адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.
Жекеменшік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы - үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз», – делінген департаменттің ресми хабарламасында.