Жаңалықтар

Астананың 1-4 сынып оқушылары тегін тамақ ішеді

ашық дереккөзі

Астананың 1-4 сынып оқушылары тегін тамақ ішеді

Елорданың 2017 жылға арналған бюджеті 372 млрд 868 млн теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен несиелер - 153,4 млрд теңге, жеке кірістер 212,6 млрд теңгені құрайды. «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» таныстырған А. И. Лукин Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті елорданың бес жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленгенін (2016-2021 жылдар) жеткізді. Бюджетте білім саласына шығындар қарастырылған, соның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету, елорданың барлық ЖОО мен колледждерінде күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүру мүмкіндігімен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмекке және мәдениет, дене шынықтыру және спортты қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, отын-энергетикалық кешенді дамытуға, көлік және коммуникацияға шығындар қарастырылған. Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Лукин, қалалық департаменттер мен басқармалардың басшылары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.