Жаңалықтар

Аңдамай сөйлеген БҚО тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөзі

Аңдамай сөйлеген БҚО тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

БҚО тұрғыны аңдамай сөйлеймін деп от басты. Ол желіде «Қазақстанның Орал, Петропавл, Павлодар қалаларын Ресейге беру керек» деп пікір жазған. Қазір полиция пост авторына қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД хабарламасына сүйенсек, Максим Яковенко атты желі қолданушысы арандату мазмұнындағы жазбаны желіге жариялап, көпшіліктің ашуын  туғызған. Полицейлер халықты мұндай арандатушылардың сөзіне ермеуге шақырды. «Осы жазбасы арқылы ұлтаралық алауыздық туындауына себепші болды. Бүгінгі таңда осы фактіге байланысты Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғады. Мұндай арандатушылық мәлімдеме жариялағандарға қатысты қылмыстық жазаға тарту қарастырылған. Барлық азамат бір-біріне құрметпен қарауы керек», – делінген баспасөз хабарламасында.