Жаңалықтар

Қазақ газеттері жойыла ма?: журналист-публицист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы шықты

ашық дереккөзі

Қазақ газеттері жойыла ма?: журналист-публицист Төлен Тілеубайдың жаңа кітабы шықты

3 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханада журналист Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты кітабының тұсаукесері өтті  деп хабарлады turkystan.kz. «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі «ELORDA AQPARAT» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырған тұсаукесерді  Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай құттықтау сөзімен ашты. Кітаптың тұсауын кесуге Парламент депутаттары - Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы, Astana aqshamy газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр, журналистика факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин шақырылды. Сондай-ақ, БАҚ басшылары, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері қатысты.