Көлік ішінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды

Көлік ішінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды

Көлік ішінен жұмбақ жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Алматыда көліктің ішінен ер адамның денесі табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның қасында болған 33 жастағы адамды ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Ер адамның денесі «Айнабұлақ» ықшамауданында Toyota автокөлігінің ішінен табылған.
«Мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның қасында болған 1989 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды. Олар жанжалдасқан болуы мүмкін» деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.