Жаңалықтар

14 жастағы қазақстандық Егор Кридке домбыра сыйлады

ашық дереккөзі

14 жастағы қазақстандық Егор Кридке домбыра сыйлады

Қазақстандық Тимур Тян танымал ресейлік әнші Егор Кридке домбыра аспабын сыйлады деп хабарлады turkystan.kz. Крид 14 жастағы жерлесімізге «Голос.Дети» жобасында тәлімгерлік еткен. Ресейлік әншінің тобында өнер көрсеткен Тимур шоудың финалына қатысу үшін арнайы Мәскеуге барды. «Біздің команданы қолдау үшін ұшып келдім және біз жеңдік. Финалдан кейін Егор барлығымызды мейрамханаға шақырды, біз керемет уақыт өткіздік», - дейді Тимур Тян. Ол жобаның аяқталуына орай тәлімгеріне қазақтың ұлттық аспабын сыйлады. Айта кетсек, жобада 8 жасар Аделия Загребина жеңіске жетті. Ол Егор Кридтің тобында өнер көрсетті. Ал қазақстандық Сағын Өмірбайұлы финалға дейін жетіп, үшінші орын иеленді.