Алматы облысында екі бала суға батып кетті

Алматы облысы Қарасай ауданында канал маңында ойнап жүрген 8 және 6 жасар екі бала суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 19:05-те облыстық ТЖД кезекші байланыс пультіне Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі баланың батып кеткені туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнында ені 6 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала мен 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан. Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен» деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button