Бағдат Мусин ауылдарға интернетті электр бағандары арқылы тартуды ұсынды

Бағдат Мусин ауылдарға интернетті электр бағандары арқылы тартуды ұсынды

Бағдат Мусин ауылдарға интернетті электр бағандары арқылы тартуды ұсынды
ашық дереккөзі
Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет желісін электр бағаналары арқылы тартуды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Оптикалық талшық желілерін тартуды жеңілдету үшін электр бағаналарын пайдалануды ұсынып отырмыз. Ондай бағаналар ауылдардың көбінде бар. Сол бағаналарды қолдана отырып, оптика өткізуді заңды тұрғыда енгізіп жатырмыз», - деді Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында тілшілер сұрағына берген жауабында.
Оның пайымынша, аталған норма Парламенттен қолдау тауып, күшіне енсе, ауыл ішінде интернет таратуға ниетті әлеуетті операторлардың ықтимал шығындары қазіргіден әлдеқайда азаяды.