Тоқаев Nazarbayev University-не барды

Тоқаев Nazarbayev University-не барды

Тоқаев Nazarbayev University-не барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Nazarbayev University-нің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және университетті одан әрі дамыту стратегиясымен танысты. Президентке ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, экология және спорт салаларындағы әртүрлі білім беру жобалары мен бағдарламалары таныстырылды. Назарбаев Университет осы жобалар мен бағдарламалар арқылы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосып келеді. Президент университеттің шетелдік жетекші ғылыми, білім беру орталықтарымен ынтымақтастығы, медицина және инновациялық кластерлердің жұмыстары, сондай-ақ оқу орны түлектерінің стартап-жобалары жөнінде мәлімет берілді. Оқу орнын аралап көрген Президент студенттермен әңгімелесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.