Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті

Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті

Павлодарлық жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылып кетті
ашық дереккөзі
Павлодарда ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетов Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.
«37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды.  Күйік шалған  аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ем қабылдауда», - деді Денсаулық сақтау басқармасында.
Облыстық Еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін хабарлады. Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.