«Халыққа көмек» партиялық жоба аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

«Халыққа көмек» партиялық жоба аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

«Халыққа көмек» партиялық жоба аясында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
«Халыққа көмек» жобасы аясында AMANAT партиясының Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар, Алматы және БҚО-ның филиалдарына жағдайлары төмен, жұмыссыз тұрғындар жағдайларын айтып, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетуді сұрады.  Облыстық мәслихат депутаттары мен AMANAT партиясының облыстық филиалының қызметкерлері өтініш берушілердің өтініштеріне немқұрайлы қарамай, «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 100-ге жуық отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Облыстық мәслихат депутаттары мен партия мүшелері көмекке мұқтаж отбасыларға барып қайтты.  Олар – мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер. «Халыққа көмек» партиялық жобасы және «Игі істер марафоны» аясында қаржылай көмек көрсетіліп, азық-түлік себеттері таратылды. мұқтаж отбасы Қайырымдылық көмегін алғандар AMANAT партиясына жаңа табыс, шабыт тілеп, алғыстарын білдірді. көмек