Павлодар облысында 8 жасар бүлдіршіннің арманы орындалды

Павлодар облысында 8 жасар бүлдіршіннің арманы орындалды

Павлодар облысында 8 жасар бүлдіршіннің арманы орындалды
ашық дереккөзі
Көпбалалы отбасынан шыққан 15 жастағы мектеп оқушысы Арулат Мұхаметқали 8 жасар ауыр науқас інісі Бекарысқа мүгедектер арбасын сатып алуға партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрады. Қажетті сома 2 млн теңгені құрайды. Кіші інісі Бекарыс екі жасында үшінші қабаттың терезесінен құлап, алынған ми жарақатынан бала паралич болған. Біраз уақыт бойы оның денсаулығын Қырғызстан дәрігері емдеп келген. Әр сапарға көпбалалы отбасы бірнеше ай бойы ақша жинауға мәжбүр болып, інісіне көмектесу үшін Арулат Мұхаметқали тырнақ жасау шеберлігін игерген. Алайда тапқан қаражаттары жеткіліксіз. Қазір Бекарыс Нұрсұлтан қаласында тұрақты түрде оңалтудан өтіп жатыр. Отбасы әр курсты өз есебінен төлейді.
«Қазіргі уақытта анам ініммен бірге Нұр-Сұлтан қаласында оңалтуда, дәрігерлер оның диагнозымен арнайы көпфункционалды мүгедектер арбасы қажет екенін айтты», - деді Арулат Мұхаметқали.
Бір жарым күн ішінде облыстық мәслихат және Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының, сондай-ақ қатардағы партия мүшелерінің күшімен қажетті сома жиналып, шоттарына аударылды. Көпбалалы отбасы Павлодар облысының Әкімі  Сқаков Абылхайыр Бақтыбайұлы мен «АМАNАТ» партиясының мүшеліріне бірлесе көрсеткен көмектері үшін әлеуметтік желілерде алғыстарын білдірді.