Жаңалықтар

Саясат Нұрбектен кейін Айдос Сарым да Мәжілістегі басқа комитетке ауысты

ашық дереккөзі

Саясат Нұрбектен кейін Айдос Сарым да Мәжілістегі басқа комитетке ауысты

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты деп хабарлады turkystan.kz. «Парламенттің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңның 17-бабына сәйкес, Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысу туралы өтініші түсті. Осыған байланысты депутат А.Сарымның аталған комитетке ауысуы туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынамын», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан. Жалпы отырыста палата депутаттары аталған өтінішке қолдау білдірді. Еске сала кетсек, биылғы 27 сәуірде өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Саясат Нұрбекті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінен Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауыстыру туралы шешім қабылданған еді.