Сәрсенбі, 7 Маусым, 2023

Украинаның халық депутаты Қазақстанға алғыс білдірді

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Киевте Украинаның халық депутаты, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Сергей Нагорнякпен кездесті деп хабарлады turkystan.kz елшілікке сілтеме жасап.

Украинаның халық депутаты Қазақстанның Үкіметі мен қоғамдық ұйымдар тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Әңгімелесушілер Қазақстан мен Украина арасындағы одан әрі парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Олар екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы белсенді байланыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button