«Бұлай болмайды: танымал вайнер жауапқа тартылды

«Бұлай болмайды: танымал вайнер жауапқа тартылды

«Бұлай болмайды: танымал вайнер жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Танымал вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматының Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов желідегі парақшасы арқылы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Алдымен вайнердің түсірген видеосы әлеуметтік желіде тараған. Роликтен байқасаңыздар, Сека бір жолаушыны діттеген жеріне жеткізген. Әйтсе де, сол кезде көліктің қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әзілкештің жол ережесін сақтамағанын видеодан байқап қалған желі қолданушылары оны жазалау керектігін айтқан. Әбдірахмановтың хабарлауынша, Алматы ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады.
«Т. әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айта кетейін, жолда бұлай жүруге болмайды», – деді Әбдірахманов.