Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан прокурордың қабіріне стелла орнатылды

Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан прокурордың қабіріне стелла орнатылды

Жамбылдағы жарылыс кезінде қаза тапқан прокурордың қабіріне стелла орнатылды
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтанда өткен жылдың тамыз айында қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Арман Қапезовке арналған естелік стелланың ашылуы өтті деп хабарлады turkystan.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Іс-шараға Бас прокуратура мен әскери прокуратуралардың басшылары, оның сол өңірдегі әріптестері, туыстары мен жақындары қатысты. Қатысушылар Арман Қапезовтің жеке және кәсіби қасиеттерін, оның адалдығын, әділдігін, әдептілігін оптимизмі мен өміршеңдігін атап өтті. Қайғылы оқиға болған күні әскери бөлімдегі өрт туралы хабар алған А.Қапезов әріптестерімен дереу оқиға орнына шыққан. Ол бірден батыл әрекет танытып, қауіптілік дәрежесі туралы ақпаратты жинау және бағалау жұмыстарын ұйымдастырды. А.Қапезов өрттің эпицентріне жақын жерде болды және жарылыс салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Әріптесіміз прокуратураға 24 жыл өмірін арнаған екен. Қатардағы қызметкерден басшы лауазымына, лейтенанттан полковник арнайы атағына  дейінгі дәрежеге жеткен. Әріптестерінің ортасында сыйлы,  беделді бола білді. Туыстары мен достарының қайғысына ортақтаса  отырып, әріптестері өз тарапынан алдағы уақытта оның отбасына қолдау мен көмек көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті. Оның батылдығы мен  ержүректілігі әрбір прокурор үшін, әсіресе жас қызметкерлерге  үлгі болары сөзсіз. Еске салсақ, 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының № 28349 әскери бөлімінде оқ-дәрілердің жарылуынан оңтүстік өңірдің әскери прокуроры қаза тапқан еді. Оның артында төрт баласы қалды. Ерлігі мен қайсарлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қапезов қайтыс болғаннан кейін  I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Тараз қаласында қаза тапқандарды еске алу үшін әскери прокуратура ғимаратының қасбетінде өткен жылдың қыркүйек айында мемориалдық тақта ашылды. Тағы оқи отырыңыз: Әскерде қайтыс болған сарбазға ескерткіш орнатылады