Жексенбі, 4 Маусым, 2023

Анджелина Джоли тістеген круассан 15 млн теңгеге сатылмақ

Украинада атақты актриса Анджелина Джоли тістеген круассан сатылымға шығарылды. Оның бағасы да қомақты деп хабарлады turkystan.kz.

Жартылай желінгеніне қарамастан, әлгі тәттіні сатылымға шығарушылардың дәмесі зор.

Евгений есімді украиналықтың айтуынша, актриса 30 сәуірде Львовқа барған кезде дәмханада ас ішкен. Оның сол кезде жеп тауыспаған круассаны сатылымға қойылған. Тіпті желіде жарнаманың скриншоты жарияланды.

Анджелина Джоли тістеген круассан 15 млн теңгеге сатылмақ

Фотоға қарағанда, сатушы Голливуд жұлдызы барған мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Жартылай жеген нан өнімі үшін саудаласу мүмкіндігімен миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұрап отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Димаш достары «сүйреп апаратын жерді» көрсетті (ВИДЕО)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button