«Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп аталсын!» – Тоқаев

«Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп аталсын!» – Тоқаев

«Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп аталсын!» – Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын! Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Жарлықта.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Қапшағайға Дінмұхамед есімін беруді ұсынған. Тағы оқи отырыңыз: Түркістан облысында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды