Желіде әжейді қылқындырып, таяқтың астына алған ер адамның видеоcы тарады (ВИДЕО)

Желіде әжейді қылқындырып, таяқтың астына алған ер адамның видеоcы тарады (ВИДЕО)

Желіде әжейді қылқындырып, таяқтың астына алған ер адамның видеоcы тарады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде ер адамның зейнеткерді соққының астына алған сәтінің видеосы жұрттың ашуына тиді деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға ғимараттардың бірінде орналасқан бақылау камераларына түсіп қалған. Кадрдан таяқ ұстаған әжейдің жас қызбен сөзге келіп қалғаны көрінеді. Бір уақытта қыз қолындағы затты егде жастағы әйелге лақтырып жібереді. Бірнеше секундтан соң белгісіз ер адам зейнеткердің арт жағынан келіп, мойнынан қылқындырып, жерге құлатады. Осыдан кейін ол жәбірленушінің қолындағы таяғын тартып алып, ұруға әрекеттенген. Видеоның дыбысы жоқ, сондықтан оқиғаға қатысушылардың не туралы жанжалдасып жатқанын анықтау мүмкін емес. Бұған қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов түсініктеме берді.
«2022 жылдың 1 мамырында тексеру басталғанын хабарлаймын. Алатау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды. Тексерудің барысы мен нәтижелері Алматы қалалық Полиция департаментінде бақылауға алынды», - деді Әбдірахманов.