Түркістан облысында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды

Түркістан облысында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды

Түркістан облысында Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Төлеби ауданының Сарқырама елді мекенінде ғалым, академик Дінмұхамед Қонаевқа ескерткіш орнатылды деп хабарлады turkystan.kz. Сондай-ақ мүсін орнатылған көшеге Қонаевтың есімі берілді. Салтанатты жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының құрметті азаматтары - Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек қатысып, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайында баяндады. Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Әбілқасым Досболов, аудан әкімі Төлеген Телғараев ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Айта кетсек, Д. Қонаевтың 110 жылдығына арналған ескерткіш ел азаматтарының ұйытқы болуымен демеушілік қаржыға жасалды. Қоладан құйылған, жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.