7-сынып оқушысы Ертіске батып бара жатқан досын құтқарып қалды

7-сынып оқушысы Ертіске батып бара жатқан досын құтқарып қалды

7-сынып оқушысы Ертіске батып бара жатқан досын құтқарып қалды
ашық дереккөзі
Семейде 11 жасар бала Ертіс өзеніне батып кете жаздады деп хабарлады turkystan.kz «Семей таңы» ақпараттық порталына сілтеме жасап. 1 мамыр күні Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында көз алдында кішкентай баланың суға кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына бірінші болып жеткен патруль полициясы батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған 11 жасар оқушыны дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Мамандар келгенге дейін баланы оның сыныптасы, №11 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Нұрғалиұлы Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тағы оқи отырыңыз: Картинг орталығында 10 жасар бала қаза тапты