Шымкентте жасөспірім суға батып кетті

Шымкентте жасөспірім суға батып кетті

Шымкентте жасөспірім суға батып кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьер шұңқырындағы суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы жағдай 2 мамыр күні сағат 14:45 шамасында болған.
«Қайтпас-1» шағынауданында 15 жастағы бала суға шомылу үшін жабдықталмаған шұңқырға түскен. Атап айтқанда, қараусыз қалған карьерлік қазаншұңқырда жерасты сулары көтерілген тұстары пайда болған. Артынша бала белгісіз жағдайда суға құлап, батып кеткен», - деді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 5 қызметкері, жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушы-сүңгуірлері, 1 техника, 1 жүзу құралы тартылған.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына келіп, су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күндізгі сағат 16:20 кезінде суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. Бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның себебі нақтыланып жатыр», - деді ТЖД өкілі.
Қазіргі уақытта Қаратау ауданының полициясы сот-медициналық сараптама тағайындап, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.