Шымкентте жасөспірім суға батып кетті
Шымкентте жасөспірім суға батып кетті
Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьер шұңқырындағы суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Қайғылы жағдай 2 мамыр күні сағат 14:45 шамасында болған.
«Қайтпас-1» шағынауданында 15 жастағы бала суға шомылу үшін жабдықталмаған шұңқырға түскен. Атап айтқанда, қараусыз қалған карьерлік қазаншұңқырда жерасты сулары көтерілген тұстары пайда болған. Артынша бала белгісіз жағдайда суға құлап, батып кеткен», - деді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызы.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 5 қызметкері, жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушы-сүңгуірлері, 1 техника, 1 жүзу құралы тартылған.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына келіп, су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күндізгі сағат 16:20 кезінде суға батып кеткен жасөспірімнің мәйітін тапты. Бүгінгі таңда қайғылы оқиғаның себебі нақтыланып жатыр», - деді ТЖД өкілі.
Қазіргі уақытта Қаратау ауданының полициясы сот-медициналық сараптама тағайындап, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.