«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды

«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды
ашық дереккөзі
«Хабар 24» телеарнасының директоры қызметіне Айгүл Әділова тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли таратқан хабарламаға сілтеме жасап.
«Айгүл Нұрханқызы - елімізге белгілі тележурналист, тәжірибесі мол, жоғары білікті маман. Еңбек жолын Ақтөбеде бастап, «Рика ТВ», «Астана» телеарналарында, «Қазақстан» РТРК облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі қызметтерін атқарды. Кейін «Евразия» бірінші арнасының» тілшісі, сараптамалық бағдарламалар редакторы, бірқатар тележобалардың жетекшісі ретінде танылды. «Хабар» агенттігінде еңбек етіп келе жатқанына 7 жылдан асты. Тілші, редактор, жүргізуші болып, жаңалықтар және сараптамалық хабарларға жетекшілік етті. БАҚ саласындағы бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды» деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасына.
Тағы оқи отырыңыз: Ақмола облысы ПД басшысының міндетін атқарушы тағайындалды