Өскеменде 3 жасар бала балконнан құлап кетті

3 мамыр, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Өскеменде 3 жасар бала балконнан құлап кетті Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 3 жасар бала құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.
«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды» деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі.