Өскеменде 3 жасар бала балконнан құлап кетті

Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 3 жасар бала құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz.

Оқыс оқиға 2 мамыр күні сағат 18:24-те Виноградов көшесінде болған.

«2018 жылы туған бала 3-қабаттың балконынан құлап кетті. Үйде әкесі болған. Жедел жәрдем дәрігерлері баланы бірден ауруханаға жеткізді. Қазір бүлдіршін Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды» деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button