Жаңалықтар

Жоғары сыныптың 2 мыңға жуық оқушысы «Qaisar» әскери-патриоттық жобасына қатысты

ашық дереккөзі

Жоғары сыныптың 2 мыңға жуық оқушысы «Qaisar» әскери-патриоттық жобасына қатысты

«AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңіне 10 және 11-сыныптардың 1700-ден астам оқушысы қатысты. Нағыз әскери өмірдің қыр-сыры, жүгіру мен жүзуден спорт жарыстары, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы викторина - еліміздің барлық өңіріндегі жоғары сынып оқушылары «Qaisar»-дың финалына шығу үшін сайысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты - өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру. «Жастар өздерінің физикалық дайындығын, ерік-жігері мен төзімділігін көрсетті. Бұл ойындар оларды салауатты өмір салтын ұстануға ғана емес, өздері үшін, жақындары үшін, Отаны үшін жауапкершілікті сезінуге де баулиды.  Сол арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптасады», - деп атап өтті «AMANAT» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.  Сонымен қатар, еліміздің жоғары сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орайластырылған «Сарбаз болғым келеді» акциясы өтуде. Ол әскери бөлімдердің аумағында ашық есік күндері түрінде өтіп жатыр.