Ақтөбеде 5 мыңға жуық ауыл тұрғыны автобусқа жарымай отыр
Ақтөбеде 5 мыңға жуық ауыл тұрғыны автобусқа жарымай отыр
Ақтөбенің іргесіндегі төрт мыңнан астам тұрғыны бар «Оңтүстік батыс-2» елді мекенінің автобуссыз қалғанына бір айдан асты. Ауылдағы бірнеше көшенің жолы қар суынан ойылып кеткен. Сондықтан елді мекенге автобус кірмейді деп хабарлады turkystan.kz 24kz сайтына сілтеме жасап.
Қалаға баратын тұрғындар ауыл шетіндегі аялдамаға келіп мінеді. Бұл мәселені осыдан екі апта бұрын біздің тілшілеріміз көтерген еді. Бірақ содан бері ештеңе өзгермеді. Ал, жауапты мекеменің өкілдері әзірге құр уәдемен келеді. Шенеуніктердің сөзінен шаршаған жергілікті тұрғындар кезекті мәрте жиналып, шағымдарын жеткізді. Салынғанына он жылдан асқан жолдарды толық жаңартып, тезірек автобус жіберулерін талап етті.
«Енді қазіргі таңда уақытша бұл мәселені жабу үшін жөндейміз. Автобустар кіргізу үшін. Одан кейін қазір оның сметалық құжаттамаларын жасап, әрі қарай толықтай өзінің основаниесін алдыртып барып, жұмыстарын жасатуға кірісеміз. Мәслихаттан, сессиядан ақша сұратуымыз керек. Сол жұмыстарды осы жылдың соңына дейін жасап бітіруге тырысамыз», – деді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділбек Танкеев.