Жаңалықтар

Елімізде мамыр айында ауа райы қандай болады?

Елімізде мамыр айында ауа райы қандай болады?

Мамыр айында күн қайта суытып, түнгі уақытта тіпті үсік болу ықтималдылығы жоғары деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Мамырда ауа райы қандай болады «Қазгидромет» болжамына сәйкес, елдің солтүстік жартысында, сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшері көбеюі мүмкін. Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде ауа температурасы +20+28°С, оңтүстігінде +33°С көрсетеді. Солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі мүмкін. Кейіннен осындай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында да болуы ықтимал.

Сондай-ақ «Қазгидромет» ескертуінше, бір айға арналған ауа райы болжамын консультация ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.