Жаңалықтар

Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында ер адамның мәйіті табылды

Ақмола облысының Зеренді ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде 37 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz

Тілсіз жауды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 115 шаршы метрді құрады.