Бас прокуратура 1 мамырдағы заңсыз митингіге қатысты үндеу жасады

Бас прокуратура 1 мамырдағы заңсыз митингіге қатысты үндеу жасады

Бас прокуратура 1 мамырдағы заңсыз митингіге қатысты үндеу жасады
ашық дереккөзі
ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдіктерінің келісімімен 1 мамырда Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысты митингілер өткізгелі жатыр деп жалған хабарламалар тарап жатқанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіндігі баса атап өтіледі.
«Бұл күні әкімдіктер елдімекендердің орталық алаңдарында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі - Заң) реттелетініне назар аударамыз»  делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген. Алайда ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы органдарға жоғарыда аталған қалаларда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті хабарламалар бермеген не олар бойынша келісуден бас тартылған. Осылайша, осы заң тәртібімен ұйымдастырылатын бейбіт жиналыстар а.ж. 1 мамырға қарастырылмаған. Тиісінше, Заңды (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып жүргізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.
«Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бойалдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқықбұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдайды» делінген хабарламада.